Мәзір

Ақпараттық қызмет

Сенім телефоны

Статистика

Қолданушылар
3
Материалдар
2930
Материалды қарау саны
349581
 

Елбасы жолдауы – жастардың қолдауы

Ел басқару ісіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атқаратын елеулі істердің бірі Елбасының халыққа жолдауы. Ел үшін маңызды шараның жыл сайын өзіндік ерекшеліктері болатын. Биыл да осы үрдіс жалғасын тапты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа кезекті Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталады. Елбасы Жолдауын жыл сайын асыға күтетін саяси оқиға деуге болады. Бүкіл ел болып, жас баладан қарт адамға дейін мемлекет басшысы тапсырмаларын мұқият тыңдайды. Елбасының биылғы Жолдауында елімізді биік белестерге жетелейтін мақсаттар айқын көрсетілген. Аталмыш стратегиядан Ұлт көшбасшысының келер жылдардағы қазақ халқының өмірі бей-жай қалдырмайтындығын көруге болады. Әлеуметтік, экономикалық сияқты барлық салада өмір сүрудің сапасын арттыру үшін алға жеті басты міндет қойылды: 1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті қолдау 3. Әлеуметтік кепілдіктер иен жеке жауапкершілік 4.Білім және кәсіби машық 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат 7. Жаңа қазақстандық патриотизм.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқу орынын бітірген жастарды алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға көп күш-жігер салынатыны жайлы айтқан сөзін баса атағым келеді. Баяндама жасау кезінде Президент тек үкімет мүшелерімен, депутаттармен немесе аймақ басшыларымен ғана сөйлесіп қоймай, барша қазақстандықтармен, қарапайым тұрғындармен қарым-қатынас жасай алғаны көңілге қонымды. Елбасының әрбір сөзінде ол таңдаған бағыт-бағдардың дұрыстығына деген нық сенім байқалады. Демек, межеленген мақсат-міндеттердің орындалатынына біз де сенімді болуымыз керек. Елбасы Жолдауында, әдеттегідей, жастар мәселесіне көп көңіл бөліді. Бұл - өте қуанарлық жайт. Олардың баспаналы болуына, тұрақты жұмыспен қамтылуына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Президенттік кадр жасағын қалыптастыруға ұсыныстар менің ойымша, осындай келелі бастама біздің өңірімізге де қажет. Бұл алдымен, жастарымыздың саяси сауатын арттырып, жауапкершілікті сезінулеріне ықпал етеді. Екіншіден, аға буын өкілдерінің тәлім-тәрбиесін алған саналы ұрпақ қалыптасады.
Халыққа заңгерлік қызмет көрсету және құқықтүсіндірушілік жұмыс жөніндегі бөлімнің іс жүргізушісі М.С.Сабирова

 

Мемлекеттік рәміздері

Бейнегалерея

 

ҚР мемлекеттік органдары интернет ресурстарының

Қолжетімді баспана - 2020

 

 

 

Ақпарат